Алматы • 30 Қаңтар, 2024

«Жүлде қоры - 180 мың доллар». Алматыда ауқымды стартап сайысы өтеді

301 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2024 жылғы 1-3 ақпан аралығында Алматы қаласында Digital Almaty-2024: «Х индустриясы: Болашақтың цифрлық эволюциясы» цифрлық форумы өтеді, деп жазады Egemen.kz.

«Жүлде қоры - 180 мың доллар». Алматыда ауқымды стартап сайысы өтеді

Биыл алтыншы рет өткелі жатқан форум ШЫҰ мен ЕАЭО елдерінің мемлекет қайраткерлерін, әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші сарапшылар мен кәсіпкерлерді біріктірмек. 3 ақпан күні форумда жалпы жүлде қоры 180 000 $-ды құрайтын «Industry 4.0 Startup Battle» үздік өнеркәсіптік стартапты анықтайтын ауқымды сайыс жоспарланған. Сондай-ақ финалистер іс-шара серіктестерінен бонус-сыйлықтар алады.

Еске сала кетейік, Industry 4.0 Startup Battle алғаш рет 2023 жылы өтті. Бұл өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану кәсіпорындарында тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болған инновациялық жобалар үшін нағыз сынақ болды. Барлық жобаларға Tech Garden тарапынан Fast Track ұсынылды.

Жалпы, стартаперлерден 59 өтінім қаралды. Нәтижесінде 22.000 долар жүлде қорын Isida Electronics (I орын – 10.000 доллар), SmartView (II орын – 7000 доллар ) және AgriMo (III орын – 5000 долар) қатысушылары иеленді.

Биыл стартаптар Digital Oil Field, ESG, Smart Mining бағыттары бойынша жарысады.

Алдағы сайыста Tech Garden жалпы жүлде қорын көбейтіп қана қоймай, сонымен қатар әрбір стартап жобаға серіктестерден қосымша сыйақы алуға, өз бастамаларын өнеркәсіп кәсіпорындарында өткізуге және құнды тәжірибе мен нақты нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылар баттлға дайындықтың әр кезеңінде қатысушыларды қолдайды және бірлесіп жұлдызды pitch-deck жасайды.

Іс-шара ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «Tech Garden инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қоры, Most Ventures, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, GVA Alatau, «САЦ ОЭК»  АҚ, «Сколково» VK Cloud инновациялық орталығы, Yandex Cloud, «Iteca»  ЖШС қазақстандық көрме компаниясы, «KAZPETROL GROUP» ЖШС, Теңізшевройл, «KAZ Minerals Management» ЖШС, «XFinity Solutions» ЖШС-нің қолдауымен өтеді.

Digital Almaty - цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы. Форум 2018 жылдан бері бес рет өткізілді.  

«Digital Almaty-2024» ұйымдастырушылары: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және Tech Garden.